Accessibility links

Астанада борышкерлер тағы жинала бастады


Акордаға барар жолда полиция тоқтатқан борышкерлер. Астана, 2 қазан 2013 жыл.
Акордаға барар жолда полиция тоқтатқан борышкерлер. Астана, 2 қазан 2013 жыл.
Астанада өздерін "борышкерлер" деп атаған азаматтар қамаудан шыққан соң президент Назарбаевтан көмек сұрап, тағы да Ақорда маңына жиналып жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қамаудан босап шыққан 50-ге тарта адам қазір үкімет үйінің маңына жиналған. Оларды полиция Ақордаға қарай өткізбей тұр. Борышкерлердің айтуларынша, бүгін үкімет үйінен шыққан премьер-министрдің өкілі олардың президентке жазған хаттарын алып кеткен. Борышкерлер хаттарының президентке жеткені расталмай тарқамайтындарын айтады.

Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Талдықорғаннан жиналған, "ипотекаға үй алып, қарызын қайтара алмай жүрміз" деген 200-ге тарта адам Астанаға 1 қазанда жиналған еді. Олардың банк қарыздарын кешуіне көмектесуді сұрап, президентпен кездеспек болған әрекеті сәтсіз аяқталған.

1 қазанда түстен кейін олардың барлығын полиция ұстап әкетіп, кейбірі әкімшілік жазаға тартылған. Борышкер Жұмабек Иембергеновтің айтуынша, "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев 15 тәулікке, борышкер Қыздығой Ажарқұлова 3 тәулікке қамалып, бірнеше адамға айыппұл салынған, өзгелері ескертумен босатылған.
XS
SM
MD
LG