Accessibility links

Гүлнара Каримова туысының қамалғанын растады


Гүлнара Каримова, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы.

Гүлнара Каримова, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова бөлесі Акбарали Абдуллаевтың қамалғанын растады. Каримова Instagram-дағы парақшасында Абдуллаевтың тұтқындалғаны туралы хабарлағанымен, туысына тағылған айып жайлы ешнәрсе айтпаған.

Бұдан бұрын бір кездері Ислам Каримовтың мұрагері болуы мүмкін деп саналған Абдуллаевтың қамалғаны жөнінде хабарланған еді. Ол Ферғана облысында "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыппен тұтқындалған.

Ислам Каримовтың әйелі Татьяна Каримованың әпкесі Тамара Собирова мен оның ұлы Акбарали Абдуллаев Ферғана облысы экономикасының көп бөлігін, оның ішінде Ферғана мұнай өңдеу зауыты мен цемент зауытын бақылауда ұстайды деп айтылады.
XS
SM
MD
LG