Accessibility links

Украинадан Әблязовты экстрадициялатпауды сұрады


Украина консулдығына Мұхтар Әблязовты экстрадицияламауды сұрап петиция тапсыруға келген азаматтық белсенділер. Алматы, 11 қараша 2013 жыл.

Украина консулдығына Мұхтар Әблязовты экстрадицияламауды сұрап петиция тапсыруға келген азаматтық белсенділер. Алматы, 11 қараша 2013 жыл.

Алматыда бірнеше азаматтық белсенді қуғындағы оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Франциядан Украинаға экстрадицияламау туралы петиция тапсырмақ болып, Украина консулдығының алдына жиналды. Жиналғандар Украина консулымен кездесе алмай, хатты консулдыққа тапсырып кетті.

Бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 2013 жылы 31 шілдеде Францияда Украинаның сұрауы бойынша ұсталған еді. Әблязовты Қазақстан мен Ресей де қайтаруды сұрайды.

2005-2009 жылдары БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген.

Қазақстан үкіметі Әблязовты "БТА банкінен" 6 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің "саяси астары бар" деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылған.
XS
SM
MD
LG