Accessibility links

Чак Хейгель араб елдері басшыларымен кездеспек


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель бүгін Бахрейнге сапармен барады. Ол сонда Парсы шығанағы елдерінің басшыларымен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімді талқылайды. Хабарларға қарағанда, Хейгел АҚШ-тың осы аймақтағы одақтастарына Вашингтонның аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оларға қару-жарақ тасымалдау міндетіне берік екенін сендіріп бақпақ.

24 қарашада Женевада Иран мен әлемдік алты держава Иранның ядролық бағдарламасына қатысты уақытша келісім жасасқан еді. Келісім бойынша Иран уранды бес пайызға байытуды алты айға тоқтатып, Арак қаласындағы ядролық реакторын жұмысын доғаратын болған. Есесіне батыс елдері Иранға салынған санкциялардың біразын азайтуға келіскен. Бірақ келісім Иранды қауіпті деп санайтын Парсы шығанағы елдерінің көпшілігінің алаңдаушылығын тудырған.

Парсы шығанағы елдері мен Израиль жаңа келісім Иранға ядролық қару жасау жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді деп санайды.
XS
SM
MD
LG