Accessibility links

Киевте қарсылық шеруіне мыңдаған адам шықты


Киевтегі билікке қарсылық жиыны. 8 желтоқсан 2013 жыл.

Киевтегі билікке қарсылық жиыны. 8 желтоқсан 2013 жыл.

Киевтегі Тәуелсіздік алаңына он мыңдаған адам тағы да жиналды. Олар Еуропа Одағымен ынтымақтастық туралы келісімге дайындықтан бас тартқан үкімет шешіміне және қарсылық шеруіне қатысушыларға милицияның күш қолдануына наразылық білдіріп тұр.

Жеті жылға сотталған бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың түрмеден жазған мәлімдемесін көпшілікке оның қызы оқып берді. Оппозицияны билікпен келіссөздерге бармауға шақырған Тимошенко «мақсат – заңды мәртебесін жоғалтқан президент Виктор Януковичті биліктен кетіру» екенін айтқан.

Оппозиция егер екі күн ішінде Николай Азаровтың үкіметін отставкаға жібермесе, президент резиденциясына бөгет орнататындарын ескертті деп хабарлады «Украинская правда».

«Интерфакс» агенттінің хабарлауынша, шеруге қатысушылар үкімет үйі маңында баррикадалар орнатуға кіріскен.

Еуроодақпен интеграцияны жақтайтындар бүгін Львов қаласында да «халық жиынын» («вече») өткізгелі отыр. Осыған байланысты милиция қаладағы Азаттық даңғылында күзетті күшейткен.

Сонымен бірге бүгін Киевте президент Виктор Януковичтің «Аймақтар партиясын» қолдайтын бірнеше мың адам кезекті митингке жиналған.

21 қарашада Украина үкіметі Еуроодақпен келісімге дайындықты тоқтату туралы шешімін жария еткен соң елде билікке қарсы жаппай шерулер басталған еді.
XS
SM
MD
LG