Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның 3 сарбазы мерт болды


Ауғанстанда әскери миссиясын атқарып жүрген америкалық Black Hawk тікұшағы. Көрнекі сурет.
Ауғанстанда әскери миссиясын атқарып жүрген америкалық Black Hawk тікұшағы. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның шығысында бүгін әуе апатында НАТО күштерінің үш сарбазы қаза тапты. Бұл туралы Ауғанстандағы халықаралық күштердің бас қолбасшылығы хабарлады.

Қаза тапқандар қай елдің азаматтары екендігі және ұшақтың қай жерде апат болғаны жөнінде айтылмайды. Бірақ АҚШ ақпарат құралдары құрбан болғандардың америкалықтар екенін хабарлап жатыр.

Кеше Ауғанстандағы НАТО өкілі 17 желтоқсанда осы елде "қарсыластар шабуылынан" америкалық Black Hawk тікұшағы апатқа ұшырап, АҚШ-тың алты сарбазы қаза тапқанын растаған болатын. Мұның алдында АҚШ қорғаныс министрлігі тікұшақты қарсылас жақтың атып түсіргеніне ешқандай дәлел жоқ деген еді.
XS
SM
MD
LG