Accessibility links

Иракта 25 адам опат болды


Бағдадта болған жарылыстан соң. Көрнекі сурет.
Бағдадта болған жарылыстан соң. Көрнекі сурет.
Бағдадта 13 қаңтарда бірнеше жарылыс пен шабуылдан 25 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Жарылыстар негізінен қаланың шииттер тұратын аудандарында болды.

Қаланың солтүстік-шығысындағы Шааб ауданында көлік жарылып, 10 адам мерт болған. 13 адам түрлі жарақат алған.Тағы төрт жарылыс кешке қарай қала тұрғындары Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өтіп жатқан кезде болды.

Бағдадтың оңтүстігіндегі полиция бекетіне қарулы адамдар шабуыл жасап, үш полицейді өлтіріп кетті.

Кеше Бағдадқа БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ресми сапармен барған.

Өткен жылы Иракта діни сипаттағы шабуылдардан 5500-ге тарта адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG