Accessibility links

Ирак әскері "Әл-Қаида" жасақтарына шабуылды үдетті


Ирак картасы. (Көрнекі сурет)

Ирак картасы. (Көрнекі сурет)

Ирактың Анбар провинциясында "Әл-Қаиданың" жергілікті бөлімшесі "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобына қарсы әскери операциялар жүріп жатыр. Үкімет әскері содырлар басып алған Фаллуджа мен Рамади қалаларына соққы берді. Reuters агенттігі Фаллуджаға әуеден және артиллериядан соққы жасалып жатқанын хабарлады.

Аймақта "Әл-Қаида" жасақтарын ығыстырып шығару мақсатында таяуда кең ауқымды әскери операция басталуы мүмкін деген ақпарат тараған. Қазірге дейін үкімет әскері жергілікті сүнниттік тайпалардың өкілдері мен басшыларына көтерілісшілерді басып алған территорияларын босатуға көндірту үшін мұрсат беріп, жаппай шабуыл жасамай келген еді.

Анбар провинциясында өткен жылдың соңында басталған қақтығыстардан жүздеген адам қаза тауып, ондаған мың жергілікті тұрғын баспаналарын тастап қашуға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG