Accessibility links

Египетте әуелі президент сайлауы өтеді


Египеттің уақытша президенті Адли Мансур.

Египеттің уақытша президенті Адли Мансур.

Египеттің уақытша президенті Адли Мансур 26 қаңтарда елде президент сайлауы парламент сайлауынан бұрын өтетінін мәлімдеді.

Былтыр жазда әскерилер президент Мұхаммед Мурсиді биліктен кетірген соң Адли Мансур елде жаңа конституция жобасы бекітілген соң әуелі парламент, сосын президент сайлауын өткізуге жарлық шығарған еді.

Бірақ жаңа конституция бойынша қай сайлаудың бірінші өтетінін Адли Мансур шешеді.

Мансур президент сайлауының нақты мерзімін айтпады, бірақ президенттікке кандидаттарды тіркеу таяуда басталатынын хабарлады.

25 қаңтарда Египетте Хосни Мүбәрәктың биліктен кетірілгеніне үш жыл толуына байланысты өткізілген шаралар барысындағы қақтығыстардан кемінде 49 адам көз жұмған еді. Египет денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қақтығыстардан 247 адам жараланған.

Мурси биліктен кетірілгелі бері елде зорлық-зомбылық көбейді.
XS
SM
MD
LG