Accessibility links

Киевтегі консулдық: «Эвакуация мәселесі қозғалған жоқ»


Тәуелсіздік алаңы - Майданда үкіметке наразылардың құрған лагері. Киев, 21 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Тәуелсіздік алаңы - Майданда үкіметке наразылардың құрған лагері. Киев, 21 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның Украинадағы консулдығының хабарлауынша, Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары консулдыққа хабарласып, кеңес сұрап жатыр. Бірақ әзірге оларды елден Қазақстанға эвакуациялауға қажеттілік туындаған жоқ дейді консулдық қызметкерлері.

- Адамдар хабарласып жатыр. Нақты қанша адам хабарласқанын дәл айта алмаймын. Себебі, Батыс Қазақстаннан демалуға келген адамдар бар. Студенттер бар. Бірақ әзірге оларды эвакуациялаудың қажеттілігі туындаған жоқ, - деді консулдық қызметкері Денис Ким Азаттық тілшісіне жұма күні.

Оның айтуынша, Украинада оқып жатқан қазақ студенттеріне үйден немесе жатақханадан шықпауға кеңес берілген. Украинаға өз шаруаларымен барған азаматтарға да "мүмкіндік болса елден кету абзалырақ болады" деген кеңес айтылған.

Денис Кимнің айтуынша, Украинадағы Қазақстан азаматтары бірнеше күннен бері Киевтегі Борисполь халықаралық әуежайына бару қиындағанын айтқан. Бұл азаматтармен байланыста екенін айтқан консулдық өкілі мәселені шешуге күш салып жатқанын жеткізді.

- Киевте жол қозғалысы шектелген. Киевке кіреберіске блок-постар қойылған. Милициялар тұр. Өздеріңіз білесіздер, олар көліктерді өткізгенмен тексеріп жатыр. Сондықтан көлік кептелісі салдарынан әуежайға бару қиын болып жатыр. Бірақ мәселені шешіп жатырмыз, - дейді Денис Ким.

Қазақстанның Украинадағы консулдығында 1257 Қазақстан азаматы тіркелген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG