Accessibility links

Украинаның экс премьері Тимошенко бостандыққа шықты


Тимошенконың суреті алдында тұрған шерушілер. Киев, 8 ақпан 2014 жыл.
Тимошенконың суреті алдында тұрған шерушілер. Киев, 8 ақпан 2014 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі, “Батькивщина” партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко бостандыққа шықты. Оның Харьковтегі “Укрзализныци” ауруханасынан Киевке ұшқаны хабарланды.

Ауруханадан шыққан Тимошенконы адвокаттары Андрей Кожемякин мен Сергей Власенко күтіп алған. Олардан өзге, 200-дей жақтастары аурухана алдында "Юля!" деп ұрандап тұрған.

Жергілікті ақпарат агенттіктері Тимошенконың журналистер сұрағына мүгедектер арбасында отырып жауап бергенін хабарлады.

Сенбі күні Украина парламенті жеті жылдық түрме жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенконы бостандыққа шығару жөнінде қаулы шығарған еді. Ол 2009 жылғы Ресеймен газ келісіміне қол қою кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған.

Жұма күні депутаттар Тимошенкоға тағылған айыптардың алып тасталатыны жайлы заң қабылдаған.
XS
SM
MD
LG