Accessibility links

Кабулде сайлау комиссиясына шабуылдан бірнеше адам өлді


Полицейлер шабуылдан қаза тапқан адамның денесін әкетіп барады. Кабул, 25 наурыз 2014 жыл.
Полицейлер шабуылдан қаза тапқан адамның денесін әкетіп барады. Кабул, 25 наурыз 2014 жыл.
Ауғанстан астанасында сайлау комиссиясы кеңсесіне 25 наурызда жанкештілер жасаған шабуылдан кемінде төрт адам мерт болған. Полицияның хабарлауынша, әуелі екі жанкешті кеңсе маңында өздерін жарып жіберген. Бұдан соң қарулы бес адам кеңсеге басып кірген.

Кеңсені құқық қорғау құрылымдары қоршауға алып, ондағы қарулы адамдар мен полиция арасында атыс болды. Атыс барысында екі полицей, жергілікті атқарушы орган сайлауына кандидат ретінде қатысушы бір адам мен сайлау комиссиясының бір қызметкері мерт болған. Бес жанкештіні полиция атып өлтірген.

Шабуыл жасалған кеңсе Ауғанстан президенттігіне кандидат Ашраф Ғани тұрып жатқан үйге жақын жерде орналасқан.

Ашраф Ғани - Дүниежүзілік банкте қызмет еткен, Ауғанстанның қаржы министрі болған.

25 наурызда Ауғанстанның шығысындағы Кунар уәлаятында да Kabul Bank-тің жергілікті бөлімшесіне шабуыл жасалып, банктің үш күзетшісі қаза тапқаны туралы хабарланды.
XS
SM
MD
LG