Accessibility links

Иракта жарылыстардан 30 адам мерт болды


Бағдадта болған жарылыстардың бірі. Ирак, 9 сәуір 2014 жыл.

Бағдадта болған жарылыстардың бірі. Ирак, 9 сәуір 2014 жыл.

Иракта 21 сәуірде болған бірнеше жарылыстан, соңғы деректер бойынша, 30 адам қаза тапқан.

Бағдадтан оңтүстікке қарай орналасқан Сувейра қаласы маңында полицияның өткізу бекетінде жанкешті көлігіне жасырылған бомбаны жарып, 12 адам мерт болған. 35 адам жараланған.

Бағдадтан оңтүстік-шығысқа қарай Мадаин қаласында жанкешті полицияның өткізу бекеті жанында көлікке қойылған бомбаны жарып, екі адам қаза болған. Жарылыстан бес адам жараланған.

21 сәуір күні кешке Бағдадтың әр тұсында төрт көлікке жасырылған бомбалар жарылып, жиыны 14 адам құрбан болып, 40 адам жараланған.

Мишада қаласында бір полицей жолға қойылған бомба жарылысынан мерт болды. Латифия қаласында атыс кезінде бір бейбіт тұрғын оққа ұшқан.

Иракта 30 сәуірде парламент сайлауы өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG