Accessibility links

Путин: Арктикадағы Ресей әскерін күшейту керек


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Арктикадағы ресейлік әскери құрылымдарды жақсартуға шақырды.

22 сәуірде қаупсіздік кеңесінің жиынында сөйлеген президент Путин "Арктикада кемелер мен соңғы үлгідегі сүңгуір қайықтарға арналған әскери-теңіз күштерінің біртұтас жүйесі құрылуы тиіс" деді.

Путин "әлем тез өзгеріп жатқандықтан" Ресейдің ұлттық мүдделеріне, оның ішінде Арктикадағы мүдделеріне "қауіп-қатер төнетінін" айтты. Оның сөзінше, Арктикада Ресей саясатын жүргізетін жаңа агенттік құрылуы қажет.

Арктика - әлемдегі мұнай мен газ қорына ең бай аймақтардың бірі. Путин Арктиканың Ресей өзіне тиесілі санайтын аймағында мұнай мен газдың едәуір көп мөлшері барын да айтты.

Соңғы жылдары Ресей Арктикадағы әскери қуатын арттыруға күш салып жатыр. Ресей мұнда Канада, Дания және басқа да елдермен қатар аймақтың бір бөлігіне иелік еткісі келеді.
XS
SM
MD
LG