Accessibility links

Қазақстан мен НАТО өкілдері әріптестік жайын талқылады


Астанада Қазақстан қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдері жұмыс бабындағы кездесу өткізіп, тараптар арасындағы 2014-2015 жылдарға арналған әріптестік жоспарын іске асыру жайын талқылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, НАТО-ның "Жоспарлау және талдау процесі" деп аталатын бағдарламасының орындалуына арналған кездесуде Қазақстан қарулы күштерінің бітімгершілік бөлімшелерінің оқу-жаттығуларға, БҰҰ операцияларына қатысу дайындығын талқылаған.

НАТО-ның 2014-2015 жылдардағы әріптестікке арналған бағдарламасында бітімгершілік контингентін БҰҰ және НАТО талаптары бойынша жабдықтау және даярлау, қорғанысты жоспарлауға үйрету, штабтық офицерлерді оқыту мәселелері қарастырылған.

Құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения кіретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа 24 сәуірде ұйым НАТО-мен диалог орнатуды және бірлескен жұмыстарын тоқтататынын мәлімдеген еді. Бордюжа бұған НАТО-ның Украинадағы жағдайларға қатысты ұстанған саясаты себеп болып отыр деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG