Accessibility links

Тәжік-қырғыз шекарасында жағдай «орныққаны» хабарланды


Тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасы маңындағы қырғызстандық арнайы жасақ пен жергілікті тұрғындар. Баткен аймағы, Қырғызстан. 8 мамыр 2014 жыл.

Тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасы маңындағы қырғызстандық арнайы жасақ пен жергілікті тұрғындар. Баткен аймағы, Қырғызстан. 8 мамыр 2014 жыл.

Тәжікстан мен Қырғызстан биліктері екі мемлекет шекарасындағы елдімекен тұрғындары арасында болған қақтығыстан соң жағдай «шиеленісті» болғанымен «орнықты» екенін айтады.

Шекараның екі жағында да шекарашылар мен полиция күзеті күшейтілгені хабарланды.

Мамырдың 7-сі күні Қырғызстанның Кок-Таш және Тәжікстанның Ворук ауылдарының тұрғындары шекісіп қалған. Жанжалға жлпы саны бір жарым мыңға жуық адам қатысқан, олар бір біріне тас лақтырған. Қақтығыс салдарынан 60-қа жуық адам зардап шеккен. Тәртіпті қалпына келтіруге екі жақтан да шекарашылар мен полиция өкілдері жұмылдырылған.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі Тәжікстанның Бішкектегі елшісін шақыртып, 7 мамыр күні болған бұдан өзге тағы бір оқиғаға қатысты наразылық білдірген. Ресми Бішкектің хабарлауынша, Қырғызстанның Кок-Терек ауылында Тәжікстан азаматтары жанар-жағармай станциясын, дүкен мен екі жүк көлігін өртеген.

Баткен аймағындағы жанжал туралы видео:
XS
SM
MD
LG