Accessibility links

Түркияда апатқа байланысты қаралы күн жарияланды


Апат болған кеніштен жұмысшыларды құтқару сәті. Түркия, 14 мамыр 2014 жыл.

Апат болған кеніштен жұмысшыларды құтқару сәті. Түркия, 14 мамыр 2014 жыл.

Түркияның батысында көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқан адамдар саны 200-ден асты. Көптеген кеншілер жер астында қалып қойған. Ел үкіметі апатқа байланысты елде үш күнді қаралы күн деп жариялады.

Апат 13 мамырда Маниса провинциясының Сома қаласындағы шахтада болған еді. Түркия ресми орындарының мәліметі бойынша, кеніште электр желілерінің ақауынан жарылыс болып, лифтілер істемей қалған.

Құтқарушылар жер астында қалып қойған кеншілердің улы газдан тұншықпауы үшін шахтаға ауа жіберіп жатыр.

Түркияның энергетика министрі Танер Йылдыз апат кезінде шахтада 780-нен астам кенші болғанын айтады.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған апатқа байланысты 14 мамырда Албанияға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырды.
XS
SM
MD
LG