Accessibility links

Малала Юсуфзайдың портреті


Малала Юсуфзайдың портреті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

Нью-Йоркте Кристи аукционында өткен қайырымдылық акциясында британдық суретші Джонатан Йео салған пәкістандық құқыққорғаушы жасөспірім қыз Малала Юсуфзайдың портреті саудаға қойылды. Бәсеке сауда барысында 60-80 мың долларға бағаланған суретті телефон арқылы хабарласқан, өз аты-жөнін атамаған адам 102,5 мың АҚШ долларына сатып алған. Түскен ақша түгелдей Юсуфзай құрған қайырымдылық қоры арқылы Нигериядағы қыз балалардың білім алуына жұмсалмақ. Өткен айда Нигерияда исламшыл содырлар мектептен 200-ден аса оқушы қызды ұрлап әкеткен еді. Интернетте жеке блог жүргізіп, Пәкістандағы қыздардың Талибан тарапынан қысым көріп жатқанын жазған Юсуфзайды 2012 жылдың қазан айында Пәкістанның Сват алқабында мектептен үйіне қайтып келе жатқан кезде Талибан бүлікшілері оқ атып, ауыр жаралаған еді. Қыз балалардың құқығын қорғаудағы белсенділігі үшін Малала бірнеше халықаралық сыйлыққа ие болған. 14 мамыр 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG