Accessibility links

Үндістан сайлауында ұлтшыл партия алда тұр


Үндістандағы парламент сайлауы. Ассам штаты, сәуір 2014 жыл.
Үндістандағы парламент сайлауы. Ассам штаты, сәуір 2014 жыл.
Үндістандағы парламент сайлауының алдын-ала нәтижелері бойынша, оппозициялық, ұлтшыл "Үндістан халықтық партиясы" ("Бхаратия джаната парти") басым дауыспен алда келеді. Басқарушы "Үндістан ұлттық конгресі" партиясы сайлауда жеңілгенін мойындады.

Алдын-ала қорытынды бойынша, "Үндістан халықтық партиясы" парламенттің төменгі палатасы - Лок Сабхадағы 543 депутаттық орынның 272-сіне ие болған. Бұл жағдай оппозициялық партияға үкіметті дербес жасақтауына мүмкіндік береді.

Егер бұл нәтиже өзгермесе, Үндістанда 1984 жылдан бері бірінші рет үкіметті бір партия жасақтайын деп тұр.

"Үндістан халықтық партиясының" жетекшісі Нарендра Моди Twitter-де: "Үндістан жеңіске жетті. Елде тамаша кезең туды" деп жазды.

Үндістанда парламент сайлауының төменгі палатасына сайлау 5 сәуірде басталып, тоғыз кезең болып өтіп, алты аптаға созылған.
XS
SM
MD
LG