Accessibility links

"Мемориал": Қырым татарларының құқығы сақталсын


Қырым татарларының Шатыр-Даг тауындағы депортация құрбандарын еске алу акциясы. Қырым, 10 мамыр 2014 жыл.

Қырым татарларының Шатыр-Даг тауындағы депортация құрбандарын еске алу акциясы. Қырым, 10 мамыр 2014 жыл.

Ресейлік құқық қорғаушылар Қырымда бұқаралық шараларға тыйым салынуының саяси астары бар деп біледі. Олардың ойынша, "бұл тыйым курорттық маусымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналмаған, шектеу Қырым татарлары депортациясының 70 жылдығына қатысты шерулерді өткізбеуді көздейді".

"Мемориал" ұйымының басқарма бастығы Арсений Рогинский "Эхо Москвы" радиосына берген сұхбатында "құқық қорғаушылардың Қырым татарларының құқықтарының сақталуын, шеруге тыйымның алынып тасталуын (Симферопольде 18 мамыр күні өтуі тиіс - ред.), Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилевке Қырымға кіруге салынған тыйымның жойылуын талап ететіндерін" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG