Accessibility links

Турчинов: Ресеймен шекара жабылады


Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов (оң жақта).

Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов (оң жақта).

Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов Луганск облысының орталық бөлігі мен Донецк облысының оңтүстігіндегі Ресеймен шекара бөлігі жабылатыны туралы мәлімдеді.

Славянскіге кіреберісте орналасқан блокпостта журналистер алдында сөйлеген Турчинов шекараны жабу "ресейшіл сепаратистерге қару-жарақ тасымалдануын азайтатынын" айтты.

Антитеррористік операция басшылығына шекара қызметімен септесе жұмыс істемегендіктен Ресейден Украинаға қарулы адамдар мен қару-жарақ тиелген көліктер кедергісіз өтіп жатыр деп жиі сын тағылып отыр.

Антитеррористік операция басталғалы шекара бөлімшелеріне де күн сайын шабуыл жасалғаны жайында хабар түседі.

3 маусым күні Украина мемлекеттік шекара қызметі Луганскідегі шекара отряды мен "Станично-Луганское" шекара бөлімшесінің "қауіпсіз жерге көшірілгенін" хабарлаған.

Бейсенбі күні Свердловск қаласында шекарашылар сепаратистер қоршауға алған әскери бөлімді тастап кеткені белгілі болды деп хабарлады "Украинская правда" сайты.
XS
SM
MD
LG