Accessibility links

Политковскаяның өліміне қатысты үкім шықты


Анна Политковскаяның өліміне байланысты сотталған азаматтар (солдан оңға): Рустам Махмудов, Лом-Али Гайтукаев, Джабраил Махмудов, Ибрагим Махмудов және бұрынғы милиционер Сергей Хаджикурбанов. Мәскеу, 9 маусым 2014 жыл.

Анна Политковскаяның өліміне байланысты сотталған азаматтар (солдан оңға): Рустам Махмудов, Лом-Али Гайтукаев, Джабраил Махмудов, Ибрагим Махмудов және бұрынғы милиционер Сергей Хаджикурбанов. Мәскеу, 9 маусым 2014 жыл.

9 мамырда Мәскеу қалалық соты "Новая газета" басылымының журналисі Анна Политковскаяны өлтірді деп айыпталған Рустам Махмудов пен Лом-Әли Гайтукаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Осы іс бойынша өзге үш айыпты - Ибрагим Махмудов 12 жылға, Жабраил Махмудов 14 жылға, бұрынғы милиционер Сергей Хаджикурбанов 20 жылға сотталды.

Сот бұған қоса қаза тапқан журналистің балаларының пайдасына сотталушылардан 5 миллион рубль өндіріп беруге үкім етті.

20 мамыр күні алқа билер соты бұл бес адамға байланысты "Политковскаяның өліміне қатысы бар" деген айыптау үкімін шығарған.

Анна Политковскаяның өліміне қатысты сот осымен үшінші рет өтіп отыр. 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың басында Мәскеу округтік әскери сотында өткен алғашқы Журналист Анна Политковская. Нью-Йорк, 16 қазан 2002 жыл.

Журналист Анна Политковская. Нью-Йорк, 16 қазан 2002 жыл.

сотта сотталушыларды ақтайтын үкім шыққан еді. Кейін Ресей жоғарғы сотының әскери алқасы ол үкімнің күшін жойып, істі алдын-ала тергеуге жіберген. Оның қорытындысымен іс Мәскеу қалалық сотына түскен.

Екінші процес 2013 жылы күзде алқа билер соты таратылуына байланысты тоқтап қалған. Соңғы сот осы жылдың басында басталған.

Ресейлік журналист Анна Политковская 2006 жылы қазанның 7-сі күні Мәскеудегі үйінің жанында атып өлтірілген болатын. Көпшілік журналистің қазасына оның кәсіби қызметі себеп болған деген болжамды негізге алады. Бірақ оны өлтіруге кім тапсырыс бергені сол күйі анықталмады.
XS
SM
MD
LG