Accessibility links

АҚШ Беларусь шенеуніктеріне қарсы санкцияны ұзартты


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.
АҚШ президенті Барак Обама Беларусь шенеуніктері мен басқа да азаматтарына қарсы "демократиялық ұстанымдарды бұзғаны" үшін салынған санкциялардың мерзімі тағы бір жылға ұзартылғанын хабарлады.

Санкцияны 2006 жылы маусымда АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш әкімшілігі сол жылы наурыз айында Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін салған еді.Америкалық және халықаралық бақылаушылар Александр Лукашенко үшінші мерзімге президент болып қайта сайланған сол жолғы сайлаудың бұрмаланғанын мәлімдеген.

Лукашенко содан бері 2010 жылы тағы бір сайлауда жеңіске жетті. Батыс бақылаушылары ол сайлауда да бұрмалаушылық болғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG