Accessibility links

Луганскіде "Айдар" батальонының 4 сарбазы қаза тапты


Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубий. Киев, 16 маусым 2014 жыл.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубий. Киев, 16 маусым 2014 жыл.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубийдің хабарлауынша, Луганскіде 17 маусым күні болған ұрыста Майданның өзін-өзі қорғау отрядынан құралған "Айдар" батальонының төрт сарбазы қаза тауып, бесеуі тұтқынға алынған.

Сейсенбіде Украина президентінің елдің оңтүстік-шығысында қақтығыстарды тоқтату мәселелері жөніндегі уәкілі болып Ирина Геращенко тағайындалған. Өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасының" өкілдері Ресей жағының қатысуынсыз Геращенкомен келіссөздер өткізбейтінін мәлімдеген.

17 маусым күні Луганск түбінде "Россия 24" телеарнасының түсіру тобы миномет оғының астында қалған еді. Оператор Антон Волошин оқиға орнында қаза тауып, ауыр жараланған тілші Игорь Корнелюк ауруханада көз жұмған.

БҰҰ мен ЕҚЫҰ журналистер қазасын тексеруге шақырды.

Донецк мен Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистерге қарсы операция сәуірдің ортасына басталған.
XS
SM
MD
LG