Accessibility links

Қазақстан туының авторы дүниеден өтті


Сочидегі Олимпиада ойындары ашылуында Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп келе жатқан қазақ спортшысы. 7 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сочидегі Олимпиада ойындары ашылуында Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп келе жатқан қазақ спортшысы. 7 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Өткен түні Алматыда 76 жасқа қараған шағында белгілі суретші Шәкен Ниязбеков қайтыс болды.

Шәкен Ниязбеков – 1992 жылы ел парламенті арнайы заңмен белгілеген Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы. Сонымен бірге суретші салған туындылар арасында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда қол бастаған қазақ батыры Бауыржан Момышұлының монументі мен Алматы қаласының гербі де бар.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге танымал өнер қайраткерінің қазасына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жеделхат жолдады.

«Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі» делінген жеделхатта.

Марқұм Шәкен Ниязбековпен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 18 тамыз күні таңертеңгі сағат 09.00-де Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы музейде өтеді.

XS
SM
MD
LG