Accessibility links

Польша премьері отставкаға кетуге өтініш берді


Еуропа кеңесінің төрағасы болып сайланған Польша премьер-министрі Дональд Туск.
Еуропа кеңесінің төрағасы болып сайланған Польша премьер-министрі Дональд Туск.

Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа кеңесінің төрағасы болып сайлануына байланысты ел президенті Бронислав Коморовскийге отставкаға кететіні туралы өтініш білдірді.

Дональд Туск таяуда өткен Еуропа Одағы саммитінде Еуропа кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпейдің орнына сайланған. Ромпейдің өкілеттігі биыл қараша айында аяқталады.

Болжам бойынша, Коморовский премьердің отставкасын 11 қыркүйекте ресми түрде қабыл алады. Жаңа үкіметті жасақтау басқарушы коалиция кандидаты, Польша парламенті - Сейм спикері Эве Копачқа жүктелуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG