Accessibility links

Астраханда BBC тілшілеріне шабуыл жасалды


Лондондағы BBC кеңсесі алдынан өтіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет)

Лондондағы BBC кеңсесі алдынан өтіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Астрахань қаласында белгісіз біреулер ВВС телерадиокомпаниясының түсіру тобына шабуыл жасаған.

Журналист Стив Розенбергтің айтуынша, олар Астраханға Украина мен Ресей шекарасында қаза болған ресейлік әскерилер туралы ақпарат тарауына байланысты материал әзірлеу үшін келген. Кафеден шығып көлікке отыруға бет алған журналистерге бірнеше ер адам тап берген. Шабуылдағандар журналистердің камерасын тартып алып, операторды ұрып-соққан соң дереу бой тасалаған.

Стив Розенбергтің айтуынша, бұл оқиғадан соң зардап шеккен журналистер полицияға болған жайтты баяндап жатқанда әлдекімдер олардың көлігіне кіріп, камерадағы бейнежазбаны өшіріп тастаған.

XS
SM
MD
LG