Accessibility links

БҰҰ Меджлис жайлы Ресей қарсылығын қабылдамады


Қырым татарлары Меджлисінің құрылтайына қатысушылар. Бақшасарай, Қырым, 29 наурыз 2014 жыл.
Қырым татарлары Меджлисінің құрылтайына қатысушылар. Бақшасарай, Қырым, 29 наурыз 2014 жыл.

БҰҰ 22-29 қыркүйек күндері Нью-Йоркте өтетін байырғы тұрғындар мәселелері жөніндегі конференцияға Қырым татарлары Меджлисінің қатысуына қарсылық айтқан Ресейдің уәжін қабылдамады.

БҰҰ аясында өтетін жиынға Меджлис өкілдерінің қатысатыны туралы Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин хабарлаған еді. «Біз шындық әрқашан жеңетіндігін білеміз. Мұстафа Жемилев пен Рефат Чубаров өз халқы атынан конференцияға қатысуға лайық адамдар» деп жазған министр Twitter-дегі парақшасында.

Қырымды өзіне қосып алған Ресей билігі жұма күні Симферопольдегі Қырым татарлары кітапханасын жауып тастағаны туралы Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметі хабарлаған.

Қырымның байырғы тұрғындарын зерттеу және қолдау көрсету қорының президенті Надир Бекиров Азаттықтың Қырым редакциясына бейсенбінің кешінде өзіне қарсы шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді. Бекиров бұл шабуыл өзін конференция жұмысына қатыстырмау мақсатында жасалған деп біледі.

Қырым татарларының көпшілігі түбекті Ресейдің қосып алғанын қолдамайды.

XS
SM
MD
LG