Accessibility links

Қазақстан Қырғызстанға жеңілдікпен мұнай жөнелтпек


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Астанадағы ғимараты. (Көрнекі сурет)
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Астанадағы ғимараты. (Көрнекі сурет)

Қазақстан Қырғызстанның ішкі нарықтағы сұранысын қамтамасыз ету үшін бұл елге жылына 300 мың тонна көлемінде шикі мұнайды баж салығынсыз жеткізетін болды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы келісім бүгін Астанада қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің отырысында жасалды.

Бұдан өзге, Қазақстан 2014-2015 жылғы жылу маусымында Бішкектегі жылу электр станциясына көмір тасымалдауға көмектесетін болып уағдаластық жасалған.

Кеңес отырысында Қазақстан Қырғызстан нарығына бидай шығаруға да мүдделі екендігін білдірген.

XS
SM
MD
LG