Accessibility links

Брайсон Видаль - «Alem Barysy» турнирінің жеңімпазы


2012 жылғы "Қазақстан барысы" Бейбіт Ыстыбаев пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуі. Астана, 29 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

2012 жылғы "Қазақстан барысы" Бейбіт Ыстыбаев пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуі. Астана, 29 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның Павлодар қаласында сенбі күні қазақ күресінен өткен «Alem Barysy» халықаралық турнирінің бас жүлдесін кубалық балуан Брайсон Видаль жеңіп алды. Финалдық жекпе-жекте ол 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» атағының иегері қазақстандық Айбек Нұғымаровтан күш асырды.

Осы жарысқа қатысқандардың арасында салмағы ең ауыр (161 келі) Видальға жеңімпаздың алтын белбеуі мен 100 мың АҚШ долларының чегі табыс етілді.

Жарыстың қола жүлдесі үшін қазақстандық Бейбіт Ыстыбаев пен ресейлік Максим Ширяев арасында өткен белдесуде Ресей спортшысы басым түсті.

«Alem Barysy» алғашқы халықаралық турниріне 35 елден 38 балуан қатысып, өзара күш сынады.

XS
SM
MD
LG