Accessibility links

Ақтауда еларалық театр фестивалі өтіп жатыр


Ақтауда өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық бесінші театр фестиваліне қатысушылар. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.
Ақтауда өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық бесінші театр фестиваліне қатысушылар. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Ақтауда Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық бесінші театр фестивалі өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

25 қазанда ашылған фестивальге Ресейдің Астрахань драма театры, М.Ғафури атындағы Башқұрт академиялық драма театры, Өзбекстанның М.Ташмухамедов атындағы Қашқадария облыстық музыкалық драма театры, Тәжікстаннан А.Мухаммаджанов атындағы Хатлон облыстық музыкалық комедия театры, Қырғызстанның Ш.Термичков атындағы Шу облыстық театры, Астана қаласының жастар театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры және Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ұжымдары қатысып жатыр.

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Бекбол Базарбаевтың айтуынша, фестивалдің мақсаты – театрлар арасындағы шығармашылық бастамаларды ынталандыру, театрлық үрдістің заманауи түріне көрермен назарын аудару.

Театрлар М.Әуезов, Н.Гоголь, А.Абушахманов, М.Юсуф, И.Усмонов, А.Қодири, С.Досанов шығармаларын сахнадан көрсетеді.

Ақтаудағы халықаралық театр фестивалі қазанның 31-і күні жабылады.

XS
SM
MD
LG