Accessibility links

Сенат Ресей азаматтарының келу тәртібін мақұлдады


Ресей паспорты. (Көрнекі сурет).

Ресей паспорты. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы азаматтардың екі ел аумағында болу тәртібі туралы заң жобасын мақұлдады.

Келісімге 2012 жылы 7 маусымда Астанада қол қойылған. Құжатта Қазақстан мен Ресей азаматтарының екінші елдің территориясында 30 күн бойы құзырлы органдарға тіркелмей жүре беруіне мүмкіндік беру қарастырылған.

Қазақстан я Ресей азаматтарының екінші елде уақытша болу мерзімі олардың баратын елінің шекарасынан өткен күннен басталады. Шекарада оларға барған елдің шекаралық бақылау бекетінен шекарадан өткенін растайтын карта беріледі.

Екінші елде болу мерзімі 30 күннен асқан жағдайда азамат сол елдің заңы бойынша құзырлы органдарға барып тіркелуге міндетті.

Заң жобасын мәжіліс қазан айының басында мақұлдаған. Құжат енді президенттің қол қоюына жіберіледі.

XS
SM
MD
LG