Accessibility links

Грозныйда қарулы топ қоршауға алынды


Грозныйдағы "қарулы топ бекінді" делінген ғимараттың өртеніп жатқан суреті. Шешенстан, 4 желтоқсан 2014 жыл.

Грозныйдағы "қарулы топ бекінді" делінген ғимараттың өртеніп жатқан суреті. Шешенстан, 4 желтоқсан 2014 жыл.

Ресейлік ақпарат құралдары Шешенстан астанасы Грозныйдың орталығында бүгін қауіпсіздік күштері мен полиция бір топ қарулы адам бекінген ғимаратты қоршауға алғанын хабарлады.

Ұлттық антитеррорлық комитеттің мәлімдеуінше, үш көлікке мінген белгісіз қарулы адамдар желтоқсанның 4-і күні таңертең әуелі Грозныйдағы жол полициясы бекетіне шабуылдаған.

"РИА Новости" агенттігінің қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, шабуылдан жол полициясының үш қызметкері қаза тапқан.

Қарулы топ жол полициясы бекетіне шабуылдаған соң қала орталығындағы баспа үйін басып алған. Қазір қауіпсіздік күштері, полиция мен төтенше жағдайлар қызметі қарулы топ бекінген ғимаратты қоршауға алған.

Комитеттің ақпаратына қарағанда, Грозныйдың орталығында антитеррористік операция режимі жарияланған.

Интернетте әуесқой адамдар түсірген, қарулы топ бекінген ғимараттың өртеніп жатқаны жайлы суреттер пайда болды.

XS
SM
MD
LG