Accessibility links

Германия: "Ресей мен Украина кездесуге мақұл"


Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер

Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер

Германияның сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Киевтің шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін шұғыл арада кездесуге әзір екенін мәлімдеді.

Министрлік өкілінің сөзінше, Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шиеленісті 2 қаңтар күні Украина, Ресей және Франциядағы әріптестерімен телефон арқылы талқылаған.

"Байланыс тобы жуыр уақытта кездеседі деп келісілді" деп хабарлады өкіл.

Былтырғы сәуірден бері шығыс Украинадағы қарулы қақтығыс кезінде 4700-ден астам адам өлді. Қақтығыс Ресей наурыз айында Қырымды аннексиялап алған соң басталған.

Бұл жанжал Батыс пен Ресейдің арасын нашарлатып жіберді.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG