Accessibility links

FP: Париждегі шабуылға сезіктінің бірі ұсталды


Бетперде киген қарулы адамдардың Париждегі Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуыл жасағаннан кейін қашып бара жатқан сәті. Франция, 7 қаңтар 2015 жыл.
Бетперде киген қарулы адамдардың Париждегі Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуыл жасағаннан кейін қашып бара жатқан сәті. Франция, 7 қаңтар 2015 жыл.

Париждегі Charlie Hebdo сатиралық журналы редакциясына жасалған шабуылға күдікті үш адамның бірі, 18 жастағы Хамид Мурад полицияға берілді деп хабарлады бүгін France Press агенттігі. Күдіктінің қашан және қай жерде ұсталғаны әзірге белгісіз.

Бүгін таңертең француз полициясы журнал редакциясына террорлық шабуыл жасады деген күдіктілер - ағайынды Шериф Куачи мен Саид Куачидің суреттерін жариялаған. Полиция мәлімдемесінде 32 жастағы Шериф пен 34 жастағы Саидті тұтқындауға ордер берілгені және олардың қарулы әрі қауіпті болуы мүмкін екені айтылған.

Қаңтардың 7-сі күні Парижде Charlie Hebdo журналы редакциясына белгісіз қарулы үш адам автоматпен басып кіріп шабуыл жасап, 12 адам қаза тапқан. Шабуылдан 12 адам жараланған, оның төртеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Франция прокуроры Франсуа Молинс қарулы адамдардың шабуыл жасағанда "Аллаһу акбар" деп және "пайғамбар үшін кек қайтардық" деп айқайлағанын растады.

Франция президенті Франсуа Олланд қаңтардың сегізін шабуылдан қаза тапқандарды аза тұту күні деп белгіледі.

XS
SM
MD
LG