Accessibility links

Жоғарғы Рада ұшқыш Савченконы босатуға шақырды


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Мәскеу сотында. 11 қараша 2015 жыл.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Мәскеу сотында. 11 қараша 2015 жыл.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада Ресей, Франция және Германия басшыларын Ресей түрмесінде аштық жариялап отырған украин әскери-әуе күштерінің ұшқышы Надежда Савченконы босатуға ықпал етуге шақырды. Савченко өзіне тағылған "Шығыс Украинада әскери қақтығыс кезінде ресейлік екі журналисті өлтіруге қатысы бар" деген айып бойынша басталатын сотты күтіп жатыр. Ол тағылған айыпты мойындамайды.

Адвокаты Марк Фейгиннің айтуынша, Савченко қатарынан екінші ай аштық жариялап жатыр. Түрмеге түскен соң Савченко Украина парламентінің депутаты болып сайланған.

Жоғарғы Рада қарарында Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясын да Савченконы босату ісіне араласуға шақырған.

Надежда Савченко қаңтардың 12-сінде жариялаған ашық хатында күресін жалғастыра беретінін мәлімдеген. "Мен әлсіз болған емеспін және болмаймын да. Мені ешкім жасыта алмайды" деп жазған ол.

XS
SM
MD
LG