Accessibility links

Берлинде Украинаға қатысты төтенше жиын өтеді


Ресейшіл сепаратистердегі "Град" артиллериялық қару кешені. Донецк, Украина, 20 қаңтар 2015 жыл.

Ресейшіл сепаратистердегі "Град" артиллериялық қару кешені. Донецк, Украина, 20 қаңтар 2015 жыл.

Берлинде бүгін Германия, Франция Украина және Ресей сыртқы істер министрлері Шығыс Украинадағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты төтенше кездесу өткізеді.

Қаңтардың 20-сында украин әсккери басшылығы Луганск қаласы маңындағы екі бақылау-өткізу бекетінде үкімет әскеріне Ресейдің тұрақты әскері шабуыл жасағаны туралы мәлімдеген.

Украина армиясы штабының өкілі бұған қоса Ресей жақтан Украина шекарасын 700 адамнан тұратын екі батальон кесіп өткенін хабарлаған.

Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Берлинде келіссөз өтетінін мәлімдеген Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер "Қазіргі басты мақсат - әскери қақтығыстың бұдан ары күшеюіне және Мәскеу мен Киев арасындағы саяси шиеленістің ушығуына жол бермеу" деді.

Өткен аптаның соңында украин әскері мен ресейшіл сепаратистер Донецк әуежайын бақылауға алу үшін кескілескен шайқас жүргізген.

XS
SM
MD
LG