Accessibility links

Филиппинде 43 полицей қаза тапты


Филиппин полицейлері (Көрнекі сурет)
Филиппин полицейлері (Көрнекі сурет)

Филиппин үкіметі 26 қаңтарда елдің оңтүстігінде "Моро азат ету ислам майданының" (MАИМ) содырларымен атыс кезінде 43 полицей мерт болғанын мәлімдеді.

25 қаңтарда полиция МАИМ бақылауындағы Мамасапано қалашығына кіріп, "теракт ұйымдастырмақ болды" деген екі күдіктіні ұстау кезінде атыс басталған. МАИМ тарапынан қанша адам қаза тапқаны туралы ақпарат жоқ.

2014 жылы наурызда Филиппин үкіметі мен МАИМ екіжақты қақтығысты тоқтату және елде МАИМ үшін Бангсаморо автономиялық ауданын құру туралы келісімге келген.

Филиппинде МАИМ пен үкімет күштері арасындағы отыз жылға жуық болған қақтығыстан 150 мың тұрғын қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG