Accessibility links

Прокурор Мұрат Оспановты 11 жылға соттауды сұрады


Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов.

Астанада өтіп жатқан сот проесінде мемлекеттік айыптаушы, прокурор Сандуғаш Рыспаева судьядан Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты коррупциялық қылмыс жасады деп танып, 11 жылға соттауды сұрады.

Айыптаушы сонымен бірге, сот материалдары бойынша "пара берді" деп айыпталған Арман Ақтайды "Оспанов тарапынан бопсалаушылық болғанын ескеріп", қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Тергеу материалдарында Мұрат Оспановтың агенттік басшысы болып тұрған кезде Арман Ақтайдан "Атырауда электр қуаты бағасын қымбаттатуға рұқсат алу үшін 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара сұрағаны" айтылған.

Бұл сот процесі өткен жылдың қарашасында басталған. Мұрат Оспановты 2014 жылы шілденің 1-і күні сол кездегі қаржы полициясы "пара алды" деген күдікпен ұстаған еді. Оспанов агенттік төрағасы қызметін екі жыл атқарған.

XS
SM
MD
LG