Accessibility links

Киев пен жікшілдер қару-жарақты әкете бастағанын айтады


Дебальцево қаласы маңындағы қарулы сепаратистер. 20 ақпан 2015 жыл.

Дебальцево қаласы маңындағы қарулы сепаратистер. 20 ақпан 2015 жыл.

Украина әскери басшылығы мен өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» өкілдері Донбастағы әскери іс-қимылдар аймағындағы сызық бойынан ауыр қару-жарақ түрлерін әкетуді бастағаны туралы мәлімдеді.

Атысты тоқтату режимін бақылау жөніндегі бірлескен орталықтағы Украина әскерилер тобының жетекшісі Петр Канониктің айтуынша, қару-жарақтарды алып кету туралы жоспарға сепаратистер сенбінің кешінде ғана қол қойған.

Бірақ, өткен түні сепаратистер үкімет күштерінің позицияларын 12 рет атқылады деп хабарлады украиналық әскери басшылық. Әскери іс-қимылдар Пе́ски, Водяное, Тоненькое елдімекендері мен Донецк облысындағы Авдеевка қаласының маңында жалғасып жүріп жатыр.

Бүгін таңертең Мариуполь қаласы маңындағы Широкино ауылы жанында украиналық әскерилерге сепаратистер шабуылдаған. Бұған дейін Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі украиналық әскерилер майдан шебін қаладан қашықтау етіп жылжытқан соң, бұл аймақта қарсы шабуыл болады деп күтіп отырғанын хабарлаған.

Ақпанның 21-і күні қарсылас екі тарап өздерінде тұтқында болған 139 украиналық әскери мен 52 сепаратисті өзара алмастырып алғаны жайлы хабар тарады. Бұл ақпанның 12-інде Минскіде келісіміне қол қойылған сәттен бергі уақыт ішінде ең ірі тұтқын алмасуы болып отыр.

XS
SM
MD
LG