Accessibility links

Moody's Ресей банктерінің рейтингін төмендетті


Ресейлік "Сбербанктің" Санкт-Петербургтегі кеңсесі. (Көрнекі сурет)
Ресейлік "Сбербанктің" Санкт-Петербургтегі кеңсесі. (Көрнекі сурет)

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің несие рейтингінің нашарлауына байланысты ресейлік жеті банк пен қаржы институттарының рейтингін төмендетті.

Ақпанның 24-інде таратқан мәлімдемесінде агенттік "Ресейдің несие көрсеткіші әлсіреген соң" "Сбербанк", "Банк ВТБ", "Газпромбанк", "Россельхозбанк", "Внешэкономбанк", "Альфа-Банк" пен Ипотекалық тұрғын үйді несиелеу агенттігінің рейтингтері төмендетілгені айтылған. Moody's бұдан төрт күн бұрын Ресей үкіметінің несие рейтингін Ba1 деңгейінен Baa3 деңгейіне дейін түсірген еді.

Moody's жеті қаржы ұйымының рейтингі бір сатыға төмендегенін айтып, олардың ұзақ мерзімді рейтингі де жақсара қоймайды дейді.

Ресей қаржы министрі Антон Силуанов Moody's агенттігі мәлімдемесін "саяси астары бар" және "экономикалық тұрғыдан әділетсіз" деп бағалаған.

"Банк ВТБ" агенттіктің рейтингін төмендетуі "банк операциясына ешқандай әсер етпейді" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG