Accessibility links

ЕҚЫҰ арнайы өкілі сепаратистерді айыптады


Шығыс Украинадағы ЕҚЫҰ мониторингтік миссиясының басшысы, түрік дипломаты Ертугрул Апакан.
Шығыс Украинадағы ЕҚЫҰ мониторингтік миссиясының басшысы, түрік дипломаты Ертугрул Апакан.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы өкілі Хайди Тальявини Украинаның шығысында атысты доғару туралы бітімнің біртіндеп орындалу нышаны байқалғанымен, «дағдарыс одан ары шиеленісуі» мүмкін екенін ескертті.

Жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында сөйлеген Тальявини Донбаста әскери іс-қимылдар бәсеңдеп, тұтқындар алмасу және ауыр қару-жарақты алысырақ әкету шаралары жасалып жатқанымен, жанжал аймағындағы жағдайдың құбылмалы екенін мәлімдеген.

ЕҚЫҰ Украинаның шығысындағы мониторингтік миссиясының басшысы Ертугрул Апакан ресейшіл сепаратистердің Дебальцево қаласы маңын атқылауы жақында Минскіде жасалған атысты тоқтату туралы келісімді көпе-көрнеу бұзу болып табылатынын айтқан.

Апакан БҰҰ жетекшілігінен Донбаста жұмыс істеп жатқан ЕҚЫҰ сарапшыларының мүмкіндігін кеңейтуді сұраған. Ол үшін қажетті шаралар ретінде түрік дипломаты пилотсыз ұшақтарды және спутниктік деректерді кеңірек пайдалануды атаған.

Жұма күні Украинаның шығысындағы үкімет күштерінің арнайы операциялар штабының өкілдері атыс салдарынан үш әскери қаза тауып, жетеуі жараланғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG