Accessibility links

Назарбаев: Демократияға жылдам өтуге болмайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев демократиялық нормаларды мұқият ойланбастан, едел-жедел енгізудің "қауіпті" екенін ескертті.

Астанада биліктегі "Нұр Отан" партиясының 16-съезінде сөйлеген Назарбаев әлемнің түрлі аймақтарындағы соңғы азаматтық соғыстар мен қарулы қақтығыстар "мұқият ойланбай жүргізілген демократияландырудың мемлекет тұрақтылығына кепілдік бере алмайтынын" және "экономикалық модернизацияны табысты жүргізе алмайтынын" дәлелдегенін айтты.

Назарбаевтың пікірінше, 1991 жылы СССР құлағаннан кейін бірден пайда болған жариялылық Ресейде "демократия" сөзіне жеккөрініштіліктің туындауына себеп болған.

"Демократия кедейлік, ұрлық-қарлық пен кісі өлтірудің синонимі болды. Ал негізінде олай емес қой. Демократия - игілікті нәрсе. Көп ел осы жүйемен өмір сүріп жатыр. Сондықтан біз сақ болуымыз керек, біздің жолымыз айқын, әлемдік қауымдастықпен бірге жасап келеміз. Бірақ өзіміздің түбімізді, азиялық ерекшелігіміз бен дәстүрімізді ескеруіміз керек" деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG