Accessibility links

"Кенже" фильмі прокатқа шығады


Режиссер Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмінен көрініс. Астана, 31 наурыз 2015 жыл.

Режиссер Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмінен көрініс. Астана, 31 наурыз 2015 жыл.

Бүгін Астанада режиссер Ермек Тұрсыновтың жаңа "Кенже" фильмі баспасөз өкілдеріне көрсетілді.

"Кенже" фильмінде Қазақстанның түкпіріндегі ауылда тұратын, ата-анасы ерте көз жұмып дербес өмір сүре бастаған ағалы-інілі екі жігіт туралы баяндалады. Фильмде әсіресе інісінің өмірінен көріністер беріледі. Жалдамалы кісі өлтіруші болып қалыптасып, түрлі елдерде тапсырыспен кісі өлтірген інісі фильм соңында ағасын да өлтіреді, соңында оның өзін әлдекімдер өлтіріп кетеді.

Ермек Тұрсыновтың айтуынша, "Кенже" - "Келін" және "Шал" фильмдерінен тұратын трилогияның соңғы бөлімі. "Келін" мен "Шал" фильмдері бұған дейін қоғамда түрлі қарама-қайшы пікірілер тудырған.

"Кенже" фильмінің премьерасы бүгін кешке Астанада көрсетіледі.

XS
SM
MD
LG