Accessibility links

Йеменде хуситтер Аден қаласын басып алды


Аден қаласын басып алмақ болған шииттік хусит көтерілісшілерінің өртеніп жатқан көлігі. Йемен, 26 наурыз 2015 жыл.
Аден қаласын басып алмақ болған шииттік хусит көтерілісшілерінің өртеніп жатқан көлігі. Йемен, 26 наурыз 2015 жыл.

Йеменде шииттік хусит көтерілісшілері 2 сәуірде елдегі екінші ірі қала және ең ірі порт- Аден қаласын басып алды. Аден бұған дейін елден қашуға мәжбүр болған президент Абд-Раббу Мансур Хадиге жақтас күштердің бақылауында болған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, көтерілісшілер Аденге кірген соң қала орталығында орналасқан президент резиденциясын басып алған.

Стратегиялық маңызы бар қала Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының АҚШ-тың қолдауымен аймақта хуситтерге қарсы әуеден соққы беріп жатқанына қарамастан хуситтерге төтеп бере алмаған. Сауд Арабиясы билігі әуе шабуылы операциясының мақсаты - "Йеменнің заңды билігін қолдау" деп атаған.

Сарапшылар бұған дейін Сауд Арабиясы хуситтердің Абд-Раббу Мансур Хади жақтастары бекінген соңғы аймақ - Аден қаласын басып алмауы үшін Йеменге құрлықтағы әскерін кіргізуі мүмкін деп болжаған. Бірақ Пентагонның аты-жөнін атамаған өкілі журналистерге Сауд Арабиясының Йеменге әскер кіргізу ықтималдығы өте төмен екенін айтқан. Пентагон өкілінің сөзінше, Сауд Арабиясы Йеменмен шекарасына әскерін тек қорғаныс мақсатында ғана шоғырландырған.

XS
SM
MD
LG