Accessibility links

Сайлауға тағы 50 халықаралық бақылаушы тіркелді


Астанада №94 сайлау бөлімшесі алдында тұрған журналистер. Астана, 10 сәуір 2015 жыл.
Астанада №94 сайлау бөлімшесі алдында тұрған журналистер. Астана, 10 сәуір 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезектен тыс президент сайлауына төрт шет мемлекет пен үш халықаралық ұйымның 50 бақылаушысын тіркегенін хабарлады.

Бақылаушылардың 37-сі - ТМД, екеуі Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, төртеуі - Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінен тіркелген. Латвия, Румыния және Украинадан екі бақылаушыдан және Эстониядан бір бақылаушы тіркелген.

ОСК дерегінше, қазірге дейін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тіркелген бақылаушылар саны 452-ге жеткен. Бұдан өзге, Қазақстан сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен ақпарат құралдарының 134 өкілін аккредитациялаған.

Сайлауға халықаралық бақылаушыларды тіркеу 20 сәуірде аяқталады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG