Accessibility links

Серік Ахметовті қамау мерзімі тағы ұзарды


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, "коррупциялық қылмыс жасады" деген күдікке ілінген Серік Ахметовті қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты 13 сәуір күні Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және коррупцияға қарсы іс-шара агенттігінің жедел тергеу тобы басшысының сот материалдарымен танысуына байланысты Ахметовті қамау мерзімін мамырдың 18-іне дейін ұзарту өтінішін қанағаттандырған.

Серік Ахметов "аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікке ілініп, өткен жылдың қараша айында қамауға алынған. Ол "айыбын мойындамайтынын" мәлімдеген. Наурыз айының басында сот тергеушілер сұрауымен оны қамау мерзімін екі айға - сәуірдің 18-іне дейін ұзартқан еді.

Ахметовке "пара алды", "ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды", "қызмет өкілетін асыра пайдаланды", "заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты" деген айыптар тағылған.

Серік Ахметов 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарып, отставкаға кеткен. Бұдан соң ол қорғаныс миинстрі болып тағайындалып, қазан айында қызметінен босатылған еді.

Серік Ахметов оған дейін Қарағанды облысы әкімі (2009), премьер-министрдің бірінші орынбасары (2012) қызметтерін атқарған.

XS
SM
MD
LG