Accessibility links

Атырауда сирек кездесетін бірқазан құстары қырылған


Атырау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Атырау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені атырабының суы таяз тұсынан 70 сирек кездесетін бұйра бірқазан құсының өлексесі табылған деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Өлі құстар North Caspian Operating Company мұнай өндіру компаниясының құстарға көктемгі санақ жүргізуі кезінде табылған. Зоология және жануарлар генофонды институтының мәліметі бойынша, бұйра бірқазан Қазақстан Қызыл кітабына енген құс.

Құстардың өлімін тексеру үшін ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық территориялық инспекциясы жанынан жұмысшы тобы құрылған.

XS
SM
MD
LG