Accessibility links

Қостанай облысында 100 шақты киік қырылған


Киік. (Көрнекі сурет).
Киік. (Көрнекі сурет).

Қостанай облысында жүз шақты бас киік өлексесі табылды деп хабарлады бүгін ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтында.

Министрлік ақпаратына қарағанда, министрліктің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері 11 мамырда облыстың Амангелді ауданына қарасты Жолоба деген жерінен 100-ге тарта киік өлексесін тапқан.

Киіктердің неден қырылғаны әзірге айтылмаған. Қазір өлген киіктің нақты саны мен қырылу себептерін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр.

Қазақстан үкімет соңғы жылдары саны күрт азайған киіктерді аулауға 2021 жылға дейін тыйым салған болатын. Қазақ тілінде жүнінің түсіне қарай жазда - киік, қыста - ақбөкен аталатын (орысша - сайга, ағылшынша Saiga antelope - ред.) дала жануары негізінен Қазақстанды, Ресейдің Қалмақиясын және Моңғолияны мекендейді.

XS
SM
MD
LG