Accessibility links

Қазақстанның алтын-валюта қоры кеміді


Қазақстан Ұлттық банкі ғимараты, Алматы. (Көрнекі сурет).
Қазақстан Ұлттық банкі ғимараты, Алматы. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның халықаралық резервтері, оның ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 2015 жылдың сәуір айында 0,2 пайызға азайып, 98,686 миллиард АҚШ долларын құрады.

Бұл туралы хабарлаған Ұлттық банк дерегінше, алтын-валюта қоры жыл басынан бері 0,63 пайызға азайып, 1 мамырдағы мәлімет бойынша 28,737 миллиард долларды құраған. Ұлттық қор активтері жыл басынан бері 4,91 пайызға кеміп, 69,949 миллиард доллар болған.

Ұлттық банктің есебінше, биылғы жылдың басында Қазақстанның алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордың активтері 102 миллиард АҚШ долларынан асқан.

Өткен аптада Дүниежүзілілік банк есебін жариялап, онда Қазақстан 2014 жылдың мамырынан 2015 жылдың наурызына дейінгі аралықта теңгенің айырбас бағамын қолдауға 17 миллиард АҚШ долларын жұмсағанын хабарлаған.

Қазақстан билігі соңғы айларда биыл теңге бағамының күрт құлдырауына жол бермеуге тырысатынын бірнеше рет мәлімдеген.

2014 жылы ақпанның 11-і күні Қазақстанда теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны күрт арзандап, девальвация болған. Ұлттық банк доллар құнын 150 теңге шамасында ұстап тұрудан бас тартып, жаңа айырбас бағамын 185 теңге деп белгілеген.

XS
SM
MD
LG